Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлікті өте баяу жүргізген": Павлодарда есірткіге мас күйде болған жүргізуші автобус тізгіндеген

Жарияланған күні:

Читать на русском
Автобус салоны
Автобус. Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодарда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйде қоғамдық көлікті тізгіндеген. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, облыста республикалық "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Полицейлер автобустардың техникалық жағдайын, жүргізушілердің жолға шығу алдындағы медициналық тексеруден өткен-өтпегенін, тіркеу құжаттарын тексереді.

Қазіргі таңда қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша 53 дерегінің алдын алды. Көптеген жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Тағы 13-і көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін жазаланды.

Сондай-ақ автокөлікті заңсыз айырбастаудың бес дерегі және көлікті мас күйде басқарудың екі дерегі анықталды. Айыппұл тұрағына 5 автобус қойылған.

"Мысалы, Павлодарда Академик Шөкин көшесінде Volkswagen маркалы автобус тоқтатылған. Жүргізуші қоғамдық көлікті өте баяу жүргізгені үшін медициналық сараптама жасалған болатын. Осылайша жүргізуші көлікті есірткіге мас күйде басқарғаны расталды.

Аялдамада тоқтаған кезде автобуста жолаушылар болмаған. Жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Көліктер арнайы тұраққа қойылды", - деді Павлодар ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Ол жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус жүргізушілеріне жолаушылардың қауіпсіздігіне олар жауап беретінін әрі бұл үлкен міндет екенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116035-kolikti-ote-baiau-zhurgizgen-pavlodarda-esirtkige-mas-kuide-bolgan-zhurgizushi-avtobus-tizgindegen/