Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында полиция итке қатыгездік көрсеткен тұрғынды іздеп жатыр (фото)

Жарияланған күні:

Хаски
Хаски. Көрнекі фото: pexels.com

Абай облысында хаски итке қатыгездік көрсетілген. Қазіргі таңда бұған қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Абай облысы полиция департаментінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Ведомство ақпараты бойынша, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында жануарға, яғни "Хаски" итке қатыгездік көрсету дерегі анықталған.

Аталған дерек бойынша дереу сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын және күдіктілердің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116083-abai-oblysynda-tuqymdy-it-qatygezdikpen-oltirilgen-foto/