Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлемі жаңғақтай": Абай облысында ірі бұршақ жауды

Жарияланған күні:

бұршақ
Бұршақ. Фото: KAZ.NUR.KZ

Абай облысы Абай ауданында кенеттен күн бұзылып, жаңғақтың көлеміндей бұршақ жауды. Жергілікті тұрғындар бұршақ пен жаңбырды фото-видеоға түсіріп, желіде таратты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абай ауданының тұрғындары жеілде бұршақ пен жаңбырдың фото-видеоларын бөлісті. Жұрт оның көлемі жаңғақтікіндей деп таңғалған. Тіпті үйлердің шатыр жабындысын да тесіп өткен. Ал құтқарушалыр аудан тұрғындарынан арыз-шағым болмағанын мәлім етті.

"Абай ауданында Құндызды және Көкбай ауылдық округтерінің аумағында ашық жерлерде бұршақ жауды. Бұршақ диаметрі 40 мм-ге дейін болды. Халықтың тыныс-тіршілігі мен шаруашылық объектілерінің жұмыс істеу жағдайлары бұзылған жоқ. Зардап шеккендер тіркелгендер жоқ", - деді Абай облысы ТЖД азаматтық қорғау аға лейтенанты Бауыржан Болатбекұлы.

Автор: Елжан Нұрболатов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116173-abai-oblysynda-kolemi-40-mm-burshaq-zhaudy/