Алматыда енді метрода жол жүру ақысын биометрия арқылы төлеуге болады
Жарияланған күні:
Алматы метросында Face Pay инновациялық жүйесі іске қосылды. Бұдан былай жолаушылар метро қызметін қолдану кезінде смартфон немесе төлем картасын пайдаланбай, жол ақысын бет-жүзінің биометриясы арқылы төлей алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.
Ведомство ақпараты бойынша, метро жолаушылары биометрия арқылы жол ақысын төлеуі үшін "Face Pay төлемі" турникетіне барып, камераға қарауға тиіс. Жол ақысы Halyk қосымшасындағы "Төлемдер" бөліміне тіркелген банк картасында жатқан ақша есебінен алынады.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл жол ақысын төлеудің ыңғайлы әрі қауіпсіз әдісі. Ол жасанды интеллектке негізделген. Екі бекетте сәтті тексерістен өткеннен кейін жүйе барлық метро бекетінде іске қосылады.
"Әсіресе, бұл әдіс метрода қарбалас шақта тиімді, уақыт үнемдейді. Оған қоса жолаушылар бұрынғы төлем әдістерін де қолдана алады", - деді Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жаңабек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116203-almatyda-endi-metroda-zhol-zhuru-aqysyn-biometriia-arqyly-toleuge-bolady/