Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана, Алматы және Атырауда NNEF қорының педагогтар арасындағы конкурсы аяқталды

Жарияланған күні:

"Жылдың үздік педагогы" конкурсы
Фото: NNEF Қоғамдық қоры

Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы мектептер мен балабақшалар педагогтары арасында өтетін жыл сайынғы TEACHER OF THE YEAR ("Жылдың үздік педагогы") конкурсының қорытындысы шықты. Ұйымдастырушы NNEF қоғамдық қоры өкілдерінің пікірінше конкурс "Мирас" мектептері мен балабақшаларында кадрлық резервті қалыптастыру тетіктерінің біріне айналып отыр.

Өткен жылдардағы жеңімпаздар мен финалистер қазір өз мектептері мен балабақшаларында жоғары әкімшілік жұмыстар атқаруда.

Бақыт Кәрімова
Бақыт Кәрімова. Фото: NNEF Қоғамдық қоры

"Үздік педагог" конкурсына қатысу педагогикалық тұрғыдан өсуге жол ашады. Жеңіске жету немесе тіпті оған қатысу тек құрмет пен мойындауды ғана емес, сонымен қатар жаңа білім, тәжірибе және мансаптық өсу мүмкіндіктерін сыйлайды. Бұл педагогтарды өзін-өзі жетілдіруге ынталандырады, педагогикалық әдістер мен тәсілдерді жаңартуға ықпал етеді. Байқауға қатысу оқыту сапасын жоғарылатады, білім беру үдерісіне жаңа идеялар мен тәсілдер қолдануға шабыттандырады", - дейді астаналық "Мирас" бөбекжай-бақшасының директоры Бақыт Кәрімова.

Конкурстық бағдарлама бойынша үш жыл ішінде оған төрт жүзден астам педагог қатысты. Конкурсқа қатысушылар бұл жарыс оларға педагогикалық кәсіпке жаңа көзқараспен қарауға және жеке әлеуетін ашуға көмектескенін атап өтеді.

Ләззат Данебаева
Ләззат Данебаева. Фото: NNEF Қоғамдық қоры

"Менің айтқым келетіні, біріншіден: конкурсқа қатысатын мұғалімде, әрине, харизма болуы тиіс. Ол өзін көрсете білуі керек. Тек жұмысын ғана көрсету емес — өзін тұлға ретінде ашуы маңызды. Ол қоғамдағы және білім беру үдерісіндегі өзгерістерге тез де жинақы жауап беретін, ең байсалды адамның өзіне күлкі сыйлай алатын әзілқойлық сезімі бар, ерекше ой иесі болуы тиіс. Конкурс өзін NNEF қорының мұғалімдері арасындағы ең ауқымды кәсіби шеберлік сайысы ретінде көрсетті. "Teacher of the year – 2022-2023" конкурсын ұйымдастырушыларға осы жобаға қатысу мүмкіндігі мен педагогтарды материалдық ынталандыруды шарасы үшін алғыс айтамыз", - деп атап өтті "Арыстан" мамандандырылған лицейінің Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Ләззат Данебаева.

Жыл сайын конкурс қорытындысы бойынша үздік деп танылған педагогтарға 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар беріледі. Конкурс қатысушылары конкурс өздері үшін ақшалай ынталандырудан да жоғары дүние екенін айтады. Әр жыл жеңімпаздары TEACHER OF THE YEAR олар үшін келешек кәсіби жетістіктерге негіз салғанын атап өтеді.

"Менің жеңісімнің алғашқы маңызды нәтижесі Service as Action және Miras International School Model United Nations секілді екі маңызды бағыттың үйлестірушісі болып тағайындалуым болды. Бұл рөлдер маған өз білімім мен дағдыларымды жаңа деңгейде қолдануға, маңызды мектеп бастамаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға атсалысуға мүмкіндік берді. Мұндай бағдарламаларды үйлестіру менен пәнді терең түсінуді ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен әріптестерді ынталандыру және қолдауды қамтитын адами ресурстармен жұмыс істей білуді талап етті", - дейді Алматыдағы "Мирас" мектебінің Humanities және Дүниежүзілік тарих пәнінің мұғалімі Ермұрат Төлебаев.

Ермұрат Төлебаев
Ермұрат Төлебаев. Фото: NNEF Қоғамдық қоры

Конкурсқа қатысушылар TEACHER OF THE YEAR тапсырмаларымен жұмыс істеу олар іс-тәжірибеде қолданатын ресурстарды мұқият жоспарлауды, үйлестіруді және басқаруды қажет ететінін айтады.

"Конкурста жеңіске жетуім мені әрі қарай кәсіби тұрғыдан дамуға ынталандырды. Бұл тәжірибе өзіме сенімділігімді арттырып, жаңа жетістіктерге шабыттандырды. Мен оқуымды жалғастырып, өзімді одан әрі дамыту шешімін қабылдадым, соның нәтижесінде iPGCE в University of East London және TES institution сертификатын алдым. Осы сертификаттар мен онымен алынған біліктілік кәсіби құзыреттерімді растап, педагогикалық қызметімде жаңа көкжиектерге жол ашты", - деп атап көрсетті Ермұрат Төлебаев.

Алматыдағы "Мирас" мектебінің география және биология пәнінің мұғалімі Гаухар Шаймерденова конкурстағы жеңіс оның өзге де кәсіби іс-шаралар мен байқауларға қатысуға ынталандырғанын айтады.

Гаухар Шаймерденова
Гаухар Шаймерденова. Фото: NNEF Қоғамдық қоры

"Бұл тәжірибе мені және оқушыларымды жаңа жетістіктерге шабыттандырды. Ең маңызды нәтижелердің бірі – менің оқушымның су туралы республикалық жобалар байқауындағы жеңісі болды. Осы жобамен жұмыс жасай отырып, біз экология және тұрақты даму саласындағы білімді тереңдетіп қана қоймай, өңіріміздің су ресурстарын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар әзірлей алдық. Сол жобамен біз Стокгольмге баруға және өз жұмысымызды халықаралық деңгейде ұсынуға мүмкіндік алдық. Бұл тәжірибе мен үшін де, шәкіртім үшін де құнды тәжірибе болды", - деп тұжырымдады Гаухар Шаймерденова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116206-astana-almaty-zhane-atyrauda-nnef-qorynyng-pedagogtar-arasyndagy-konkursy-aiaqtaldy/