Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыртқа шығуға ұмтылды": қазақстандық офицер Ресейде 4 жасар баланы құтқарып қалды

Жарияланған күні:

Терезеде тұрған баланы құтқаруға бара жатқан ер адам
Костромадағы терезедегі баланы құтқару сәті. Фото: polisia.kz

Қазақстандық офицер Жандос Нұрахметов Костромада терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның ақпараттық медиа-порталында жарияланған мәлімет бойынша, бүгінде Ресей Федерациясының Кострома қаласында Кеңес Одағының маршалы С.К. Тимошенко атындағы радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау әскери академиясында тоғыз қазақстандық білім алып жатыр. Солардың бірі – Жандос Нұрахметов. Ол 8 маусымда қайғылы жағдайдың алдын алған.

Оның айтуынша, көшеде серуендеп жүрген кезінде 4-5 жастағы баланың ашық тұрған терезеден ойыншық, киім, сөмкелерді лақтырып отырғанын байқап қалған.

"Мен өтіп бара жатқан тұрғындардан терезе алдында жалғыз отырған бала мен оның ата-анасы туралы сұрай бастадым. Балаға: "Ішке кір" деп, қауіпті түсіндірмек болдым. Алайда балақай құлақ аса қоймады. Сол маңда тұратын бір әйел келіп, бұл баланың денсаулығында кінәрат бар екенін айтты.

Осы уақытта бала терезе арқауына асылып, сыртқа шығуға ұмтылды. Оның құлап кететінін сезіп, бар даусыммен айқайлай бастадым. Үй ішінде ересек адам болса, дауысты естісін деп. Алайда ойланып, біреудің шыққанын күтіп тұратын артық уақыт болмады. Дереу құбыр арқылы 2-қабатқа көтеріліп, баланы ақырын терезеге сүйреп апардым. Баламен бірге пәтерге кіріп, үйде ешкім жоқ екенін түсіндім. Мен кетсем, тағы қайталап жүрер деп балақайды көшеге алып шығып, ата-анасын жақсы танитын көршілеріне тапсырдым", - дейді офицер.

Подполковник Нұрахметов бір айдан кейін оқуын аяқтап, елге оралады. Оның бір жарым жасар ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116278-syrtqa-shyguga-umtyldy-qazaqstandyq-ofitser-reseide-4-zhasar-balany-qutqaryp-qaldy/