Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында басқа адамға АИТВ жұқтырған тұрғын сотталды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Шахтинск қалалық сотында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл жөнінде Жоғарғы сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жоғарғы соттың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, іс Қылмыстық кодекстің 118-бабының 2-бөлігі (Өзiнде АИТВ бар екенiн бiлген адамның осы ауруды басқа адамға жұқтыруы) бойынша қаралған.

Сот 2015 жылы ер адамға АИТВ жұқтырған деген диагноз қойылғанын анықтаған. Оған емдеуден жалтарып, басқаларға жұқтырған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сондай-ақ сақтық шараларын сақтау қажет екені ескертілген.

Ол 2016-2023 жылдар аралығында ауруын ескертпестен, бір әйелмен бірге тұрып, оған АИТВ инфекциясын жұқтырған. Соның салдарынан әйел қайтыс болған.

Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен расталған, оған сәйкес жәбірленушінің өліміне екіншілік аурулардың дамуымен АИТВ-инфекциясы және басқа да іс материалдары себеп болған.

Сотталушы кінәсін мойындамады.

Іс бойынша қылмыстық жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған. Ауырлатылған мән-жайлар қылмыс ауыр зардаптарға әкеп соқтырған жәбірленушінің өлімі деп танылды.

Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 118-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы – мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116314-qaragandy-oblysynda-basqa-adamga-aitv-zhuqtyrgan-turgyn-sottaldy/