Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Жұмаділдаев басқаратын "Әл-Жәбрдің атасы" журналы өзбек тілінде жарық көрді

Жарияланған күні:

Журнал
Журналдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде шығатын математика бағытындағы "Әл-Жәбрдің атасы" ғылыми-танымдық журналы өзбек тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Kazinform.

Балаларға арналған "Әл-Жәбрдің атасы" журналы Қазақстанда былтыр қарашадан бастап шығып келеді. Оның бас редакторы – танымал математик, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев.

Көп ұзамай басылымға шет мемлекеттерден қызығушылық артып, оны өзге тілдерде басып шығару ісі қолға алынған. Атап айтқанда, журнал алғаш рет өзбек тіліне аударылып, таяуда Ташкент қаласында оқырман назарына таныстырылды.

"Бұл журналды шығаруға демеуші болған – студенттерім. Кезінде олар менен математика бойынша бірнеше кеңес сұраған еді. Сол кезде білер ақылымды айтқанмын, сол нәтижелі болса керек, қазір ол студенттерім үлкен жетісікке жетіп жатыр. Менің байқауымша, қазақ және өзбек жастарының арасында көп ұқсастық бар. Атап айтқанда, оқу, білім, ғылым жүейсінде және мінез-құлықта айырмашылық көп емес. Соның нәтижесінде болса керек, "Әл-Жәбрдің атасы" журналына қызығушылық өте жоғары", - дейді Асқар Жұмаділдаев.

Белгілі математик журналдың өзбек тіліндегі нұсқасын оқитын жастардың қатары көп боларына сенімді.

Өзбекстандық ғалымдар балалардың математика ғылымын игеруіне бұл журналдың айтарлықтай пайдасы тиетініне сенім білдіріп отыр.

"Бұл журналдың өзбек тілінде жарық көруін қазақ-өзбек ғалымдары арасындағы өзара ынтымақтастық пен достықтың жарқын көрінісі деп айтуға болады.

"Әл-Жәбрдің атасы" журналының шығуына екі елдің ғылым академиялары, тиісті министрліктері мен жас ғалымдары қызығушылық білдірді, үлес қосты. Алдағы уақытта оның мазмұны тереңдеп, оқырманын жаңа біліммен сусындатады деген үміттеміз.

Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында журналға өзгеше реңк беру туралы пікірлер айтылды. Оған сай, бүлдіршіндерге осы ауыр ғылым саласын түрлі ойындар арқылы жеткізу жоспарда бар", - деп пікір білдірді ӨР Ғылым академиясы Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары Гулсанам Тиллаева.

"Әл-Жәбрдің атасы" журналы өзбек тілінде айына бір рет шығарылады. Ол бастапқыда қазақ тілінде жарық көрген нұсқасының аудармасы ретінде жүреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116323-asqar-zhumadildaev-basqaratyn-al-zhabrding-atasy-zhurnaly-ozbek-tilinde-zharyq-kordi/