Алматы облысында колония бастығы орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматы облысындағы колониялардың бірінің бастығының орынбасарына қатысты пара алу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматы облысындағы №57 колония бастығының орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ақпаратты облыстық прокуратура өкілдері растады.
"Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс мәні бойынша қарауға Қонаев қалалық сотына жіберілді", - деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-1-бөлігі бойынша құқық қорғау органының қызметкері немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья пара алса:
- мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға;
- не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116443-almaty-oblysyndagy-koloniia-bastygy-orynbasarynyng-ustinen-qylmystyq-is-qozgaldy/