Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде "өрмекші адам" полицейлерді алаңдатып қойды (видео)

Жарияланған күні:

Полицияны алаңдатқан "суперқаһарман"
Полицияны алаңдатқан "суперқаһарман". Фото: polisia.kz

Семейде жылу желілерінің құбырларына шыққан "өрмекші адам" видеоға түсіп қалды. Полиция онымен профилактикалық әңгіме жүргізген, деп хабарлайды Poilisia.kz ресурсына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сол уақытта оқиға орнында учаскелік полиция инспекторы болған, ол "суперқаһарманның" қауіпсіздігіне алаңдап, құрылымнан түсуін сұраған.

Видео ресурстың Telegram-дағы арнасында жарияланған.

"Полиция қызметкері Дастан Жақпанов "өрмекші адамның" небәрі 16 жаста екенін білгенде, оны үйіне апарды. Анасының қатысуымен онымен профилактикалық әңгіме өткізіп, мұндай ойындардың өте қауіпті екендігіне назар аударды", - делінген полиция хабарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116467-semeide-ormekshi-adam-politseilerdi-alangdatyp-qoidy-video/