Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жасөспірімдер тұрақта тұрған көлікті қиратты (фото)

Жарияланған күні:

Көлікті қиратқан жасөспірімдер
Көлікті қиратқан жасөспірімдер. Фото: instagram.com/kris_p_brothers

Алматыда видеоға жасөспірімдердің әрекеті түсіп қалды, олар әдейі тұрақта тұрған көлікті қиратып жатыр. Полиция тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы Kris P brothers парақшасында жарияланды. Жазбада екі бала көшеде тұрған көлікті қиратады. Кадрлардан жасөспірімдер көлікке әдейі зиян келтіретінін көруге болады: әйнекті сындырып, көліктің бамперін жұлып алуға тырысады, фараларын тепкілейді, тіпті алдыңғы әйнекті тепкілеу үшін көлік капотына шығып алған.

Пост авторларының айтуынша, оқиға "Алмалы" ТК-де болған.

Видеоға байланысты Алматы полиция департаменті өкілдері түсінік берді. Бұл фактіге байланысты тексеріс жүргізіліп жатқаны хабарланды.

"Жасөспірімдердің айтуынша, бөтен көлікті олар бұзақылық ниетпен зақымдаған. Істің жай-жапсары анықталады. Құқықтық баға беріледі", - деп атап өтті құқық қорғау органдары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116500-almatyda-zhasospirimder-turaqta-turgan-kolikti-qiratty-foto/