Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астрофизиктер Талғар аспанындағы ерекше жарқыраған нысандардың қайдан пайда болғанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Жарқыраған нысандар
Жарқыраған нысандар. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бүгін түнде Алматы мен Талғар аспанында түсірілген ерекше жарқыраған нысандардың қайдан пайда болғанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт мамандарының айтуынша, 12 маусымнан 13 маусымға қараған түні Алматы облысының тұрғындары байқаған ерекше құбылыс Жер атмосферасына кірген кезде құлаған спутниктің фрагменттерінің жануымен түсіндіріледі.

Құлаған жер серігі 13 маусымда Жер атмосферасына енеді деп болжанған Starlink-31469 спутнигі болуы мүмкін", - делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетск, бейсенбі, 13 маусымға қараған түні Алматы облысының тұрғындары ерекше құбылыстың куәсі болды – аспанда метеориттерге ұқсас бірнеше жарқыраған нысан көрінген. Көпшілік мұны метеорит деп болжаған еді.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116740-astrofizikter-almaty-men-talgar-aspanyndagy-erekshe-zharqyragan-nysandardy-tusindirdi/