Алматыда 25 жылдан астам уақыт әскери нысандар мен жер телімі жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруында болған
Жарияланған күні:
Биыл Бас әскери прокуратураның талабы бойынша Жоғарғы сот үкімімен құны 5 миллиард теңгеден асатын Қорғаныс министрлігінің қорғаныс нысаны мен 200-ден астам қызметтік пәтер Қазақстан әскерінің меншігіне қайтарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас әскери прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство ақпараты бойынша, Алматыда 16 мың шаршы метрден асатын 10 қойма, 2 әкімшілік ғимарат, 2 өндірістік цех сынды мүліктік кешен 20 жыл бойы жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруында болған.
"Қазіргі уақытта қайта тіркеу рәсімі жүріп жатыр, одан кейін нысан қорғаныс қажеттіліктері үшін пайдаланылады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ қадағалау актілері бойынша құны 180 миллион теңге 22 жер телімі Қазақстан әскерінің меншігіне қайтарылды.
"25 жылдан астам заңсыз иелікте болған, жалпы құны 400 миллион теңге 200-ден астам қызметтік пәтер мемлекет балансын қойылып, тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерге таратылады", - деп жазды ведомство баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116743-almatyda-25-zhyldan-astam-uaqyt-askeri-nysandar-men-zher-telimi-zheke-tulganyng-menshiginde-bolgan/