Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында подполковник қарамағындағы қызметкерді ұрып-соққаны үшін қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Әскери қызметші
Әскери қызметші. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысында подполковник қарамағындағы қызметкерді соққыға жыққаны үшін қызметінен босатылды, деп жазады Tobolinfo.kz.

Басылымның ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасына сілтеме жасап жазуынша, басшылық қызметтегі Қостанай гарнизонының подполковнигі Д. қызметтік міндетін атқару кезінде тікелей бастығының және басқа да офицерлердің көзінше қоластындағы офицер А.-ны соққыға жыққан. Жәбірленуші А. көптеген жарақат алған.

23 мамырда Ақмола гарнизонының әскери соты әскери қызметші Д.-ны Қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп таныған. Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған.

"Бұл қылмысты Өңірлік әскери-тергеу басқармасы мен Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының қызметкерлері әскери қызметшілер арасындғы құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы аясында ашты.

Бұл ретте әскери қызметші Д.-ның бастығы бұл фактіні барынша жасыруға тырысқан.

Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес шағымды қарау аясында бастық қызметінен босатылып, кінәлілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - дейді ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы, полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116797-qostanai-oblysynda-podpolkovnik-qaramagyndagy-qyzmetkerdi-uryp-soqqany-ushin-qyzmetinen-bosatyldy/