Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басынан кәстрөлмен ұрған": Павлодарда тәрбиеші балаларға қол көтерді деп айыпталды

Жарияланған күні:

Бүлдіршін
Бүлдіршін. Көрнекі фото: Manu Vega / Getty Images

Павлодарда балабақша тәрбиешісі балаға қол көтерді деп айыпталып, жұмыстан шығарылды. Тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде №16 балабақша тәрбиеленушілерінің ата-анасы мекемеге шағымданып, жазба жариялады. Жазба авторларының айтуынша, 3-4 маусымда түсірілген видеодан тәрбиеленушілердің бірі "барлық баланың басынан ұрғаны, ол балалардың басынан кәстрөлмен ұрған". Олардың айтуынша, бұл топқа бір жастан екі жасқа дейінгі, әлі тілі шықпаған балалар барады.

Өзге ата-аналар да бейнебақылау камераларын көргісі келген, бірақ көруге мүмкіндік болмаған. Павлодарлықтардың айтуынша, мекеме басшысы алдымен электр қуатының жоқтығын айтып, кейін "монитордың артқы жағындағы барлық сымды жұлып алған". Осыдан кейін ата-аналар полицияға жүгінді.

"Тәрбиеші кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауына қатысты қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады", - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Қалалық білім бөлімінің мамандары да қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Тәрбиеші жұмыстан шығарылды.

"Бейнебақылау камералары зерттеліп жатыр, тиісті адамдармен әңгімелесу ұйымдастырылады, материалдардың барлығы құқық қорғау органдарына жіберілді", - деп қосты қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басылым мәліметінше, балабақша басшылығы бұл жағдайды білім бөліміне жеткізбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116806-basynan-kastriulmen-urgan-pavlodarda-tarbieshi-balalarga-qol-koterdi-dep-aiyptaldy/