Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында екі блогердің ұсталған сәтінің видеосы жарияланды

Жарияланған күні:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Полицейлер Түркістан облысында екі блогердің ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялап, қылмыстық істің жай-жапсарын мәлімдеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарық көрген ақпарат бойынша, Түркістан облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактісіне қатысы бар екі блогерді анықтаған.

"Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоқы жасап, ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды.

Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпас үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Ұсталғандар қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілердің бірі бұрын сотталған.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының прокуратурасы бопсалау арқылы ақша талап ету фактісі бойынша екі адам ұсталғанын хабарлаған еді.

"Атап айтқанда А. және Е. есімді белсенді блогерлер аудандағы бір мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жарияланымын жою үшін 100 мың теңге талап еткен", - делінген прокуратура хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116833-turkistan-oblysynda-eki-blogerding-ustalgan-satining-videosy-zhariialandy/