Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен оны жеуді ұсынған жоқпын": Жұманғарин шегіртке туралы мәлімдемесімен нені меңзеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Серік Жұманғарин
Серік Жұманғарин. Фото: primeminister.kz

Сенат отырысында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннен оның жуырда "шегіртке – халал" деген мәлімдемесіне қатысты сұрақ қойылды – бұған кеше өткен мәжілісте депутаттың Жұманғаринді сынағаны себеп болған еді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жұманғарин журналистерге шегіртке туралы айтқан пікірі қалжың екенін айтты.

"Бізде шиеленісті әлеуметтік-саяси жағдай – біз сіздермен әжептеуір уақыт (журналистер жайлы айтып отыр – ред. ескертпесі) таныспыз ғой, кейде осылай әзілдеймін, аздап көңілдеріңізді көтеру мақсатында. Бірақ мен бұл шегірткелерді ешкімге жеуге ұсынған жоқпын.

Әңгіме контекстінде бұл халал өнім екенін айттым. Білуімше, кейбір БАҚ фактчекинг жүргізген, бұл шын мәнінде солай. Осы жерден тоқтау керек шығар, бірақ мен ешқандай да инсинуация жасаған жоқпын. Мен жауапты мемлекеттік қызметкермін, әлбетте, азаматтарымызға ешқашан шегіртке жеуді ұсынбас едім. Құдайға шүкір, азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген", - деп жауап берді Жұманғарин.

Журналистер премьер-министрдің орынбасарынан көпшілікке шегіртке халал дей отырып, "көңіл көтеруді ұйғардыңыз ба" деп сұрады. Жұманғарин: "Жоқ, ұйғарған жоқпын" деп қысқа қайырды.

"Мен ештеңе меңзеген жоқпын, бірақ бұл жағдай жылдан жылға қайталанып отыр. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы тиісті бұйрықты әлдеқашан алған болатын, осыған байланысты қазір әлемдік тәжірибені, өзге елдердің бұл жәндіктермен қалай күресетінін, қолданатынын, оларды қалай өсіріп, аулайтынын және т.б. сараптап жатыр. Біздің территориямыз олардың тез көбеюіне қолайлы екені белгілі, ендеше расымен мемлекет болып бұдан қандай пайда өндіруге болатынын ойластырып көрейік.

Бұл үкіметтің тиімді шешімі деп ойлаймын. Бұған мемлекет қаржысын жұмсатқызбай, өз қаражатын жұмсайтын инвесторлар табылады деп ойлаймын. Бірақ бұл ұзақ процесс", - деп қосты Жұманғарин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116923-men-ony-zheudi-usyngan-zhoqpyn-zhumangarin-shegirtke-halal-degen-malimdemesimen-ne-mengzedi/