Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында жеті баланың анасы жоғалып кетті

Жарияланған күні:

Жоғалған келіншек
Жоғалған келіншек. Фото: instagram.com/usharal.uno

Жетісу облысында 30 жастағы келіншекке жақындары іздеу салып жатыр. Таныстарының айтуынша, соңғы рет ол Алакөл ауданы Жұмахан Балапанов ауылындағы үйінен Үшарал қаласына шығып кетіп, оралмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жоғалған келіншек туралы ақпарат Instagram-дағы жергілікті пабликтердің бірінде жарияланды.

"Келіншек жоғалды. Есімі – Айым, 1994 жылы туған. Балапанов ауылының келіні, кеше Үшаралға келген. Содан үйіне оралмаған. Артында жеті баласы қалды. Омырауда сәбиі бар. Көрген-білгендер болса 8 702 137 34 08 хабарлассыншы", - дейді жақындары.

Жетісу облыстық полиция департаментінің өкілдері аталған әйелдің туыстары полицияға жүгінгенін мәлім етті.

"Арыз түскен, іздеп жатырмыз", - деді облыстық ПД ресми өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116926-zhetisu-oblysynda-zheti-balasy-bar-aiel-zhogaldy/