Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада түнгі клубта тұрғынды бірнеше рет пышақтаған ер адам сотталды

Жарияланған күні:

Қолында пышағы бар ер адам
Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: natasaadzic/Getty Images

Астанада түнгі клубта тұрғынды бірнеше рет пышақтаған ер адам 9 жылға сотталды. Зардап шеккен азамат дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық прокуратураға сілтеме жасап.

Қадағалау органының мәліметінше, оқиға түнгі клубтардың бірінде болып, кінәлі адам мас күйінде жәбірленушіден темекі сұраған.

Жәбірленуші бас тартқан соң, оған пышақпен бірнеше рет дене жарақатын салған.

"Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды. Сотталушы кінәсін мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді", - делінген прокуратура хабарламасында.

Құқық бұзушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура кез келген жанжалдың салдары әкімшілік жауапкершілікке ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелетінін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117091-astanada-tungi-klubta-turgyndy-birneshe-ret-pyshaqtagan-er-adam-sottaldy/