Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Риддер тұрғыны келіні мен ұлын қарызын қайтармағаны үшін сотқа берді

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған адам
Ақша санап отырған адам. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Риддер тұрғыны ұлына отбасылық қажеттіліктері үшін 4,4 млн теңге қарыз берген. Қарыз алған ұлы мен келіні оны төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Риддер қалалық сотының баспасөз қызметі Риддер қалалық сотында қарызды ортақ бірлескен мүлік деп тану және ортақ бірлескен қарыздағы үлесті тең деп анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қою бойынша іс жауапкердің анасы несие жабу үшін ұлына 4 400 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат бергендігі бойынша қозғалды. Бұл қарыз жауапкер некеде тұрған шағында отбасының мүддесі үшін алынған, қарыз қаражаты отбасылық қажеттіліктерге, көпшілігі несиені өтеуге жұмсалған.

Некеде болған кезде туындаған қарыз міндеттемелері бойынша жауапкерлер теңдей жауапты болады, өтеу де ерлі-зайыптылардың ортақ міндеті саналады.

"Жауапкер талап арызбен келісіп, несие өтелгеннен кейін жұбайымен талап қоюшыға барғанын және қолхат жазғанда жұбайы қасында болғанын түсіндірді. Жауапкердің бұрынғы әйелі талап арызды мойындамай, қолхатқа жауапкер ғана қол қойғанын, қарыз қаражатты алуға жазбаша келісімі жоғын алға тартып, қолхатты жарамсыз деп тану туралы қарсы талап арызбен жүгінді.

Жауапкердің әйелі ретінде ол бұл қолхат пен мәміле туралы білмеген. Бұл қолхатты талап қоюшы мен ұлының арасындағы өтеусіз мәміле деп санайды. Бұл қолхаттың жазылуына бұрынғы жұбайынан баланы күтіп-бағу үшін алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы себеп болған және осы қолхат пәтер түріндегі мүлікті сақтау мақсатында жасалған деп есептейді", - делінген хабарламада.

Сотқа ұсынылған дәлелдемелердің негізінде сот қарсы талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытындыға келді. Ал қарызды ортақ бірлескен меншік деп тану және ортақ бірлескен қарыздағы үлесті тең деп анықтау, соманы өндіріп алу туралы талабы қанағаттандырылды.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117100-ridder-turgyny-kelini-men-ulyn-qaryzyn-qaitarmagany-ushin-sotqa-berdi/