Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайының өкілдері жазғы жұмыс кезеңіне қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Астана әуежайы
Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана әуежайы жазда маусымдық сұраныстың жоғары болуына байланысты жұмыс уақытын ұзартады. Әуежай өкілдері бұл шешім жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін қабылданып отырғанын атап өтті. Бұл жөнінде елорда әуежайына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Әуе тасымалдаушыларының сұраныстары негізінде әуежайды басқарушы компанияның техникалық мамандарының жобалық тобы аэродромдағы жөндеу жұмыстарының технологиялық процесін оңтайландырды.

Жазда маусымдық сұраныстың жоғары болуына байланысты жолаушыларға ыңғайлы болу үшін әуе тасымалына 14 маусымнан бастап әуежайдың жұмыс тәртібі күнделікті техникалық үзіліспен (23:00-ден 00:30-ға дейін) ұзартылады.

Жұмыстарды жүргізу кезінде әуежай ұшу-қону жолағының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді, кейіннен ұшу-қону жолағына көшумен әуеайлақ жабынының басқа учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - делінген әуежайдың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламасында.

Әуежай өкілдерінің мәлімдеуінше, қазір әуежайдың негізгі жұмысына кедергі келтірмейтін магистральді жолақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әуе тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру үшін авиакомпаниялар ішкі рейстер кестелерін жедел қайта қарап, танымал бағыттарға қосымша рейстерді қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты жолаушыларға авиакомпаниялардың ресми сайттары арқылы билеттердің бар-жоғын тексеру ұсынылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117184-astana-auezhaiynyng-okilderi-zhazgy-zhumys-kezengine-qatysty-malimdeme-zhasady/