Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау мұнай өңдеу зауытына 6 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Жарияланған күні:

Атырау мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауыты. Фото: facebook.com / Атырау МӨЗ

Атырау мұнай өңдеу зауытына атмосфералық ауаның сапасын бақылау станцияларында жол берілген бұзушылықтар үшін 6 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы Сауда министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында жарияланған ақпарат бойынша, өңірлік экология департаментінің өтініші негізінде жүргізілген тексеріс барысында тексерілмеген өлшеу құралдары пайдаланылғаны анықталған.

Тексеріс қортындысы бойынша зауытқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 419-бабының 1-бөлігі бойынша 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл (5,9 млн теңге) салынды.

"Атмосфералық ауадағы мұнай өнімдерінің зиянды газдарының нақты мөлшерін анықтауға және олар асып кеткен жағдайда адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру қаупін болдырмауға мүмкіндік беретін стационарлық газ анализаторларының үздіксіз жұмысы аталған кәсіпорын пайдаланатын өлшеу құралдарының жарамдылығына байланысты көрсетілген құқық бұзушылықтарға жол берілмейді", - дейді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117268-atyrau-munai-ongdeu-zauytyna-6-mln-tenggege-zhuyq-aiyppul-salyndy/