Елде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету үшін арнайы кабинеттер ашылады
Жарияланған күні:
Оқу-ағарту министрлігі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету үшін арнайы бағдарлама әзірлеп жатыр. Бағдарлама шеңберінде зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету кабинеттері қызметінің бірыңғай моделі енгізілмек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігі әрбір бала үшін қауіпсіз және бақытты балалық шақты қамтамасыз ету мақсатында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету бағдарламасын әзірлеп жатыр.
Бағдарлама аясында буллингке ұшыраған және зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға құқықтық, психологиялық қолдау көрсетіледі. Негізгі мақсат – зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету кабинеттері қызметінің бірыңғай моделін құру және көмек көрсету процесінде балаларға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
"Әрбір бала зорлық-зомбылықтан қорғалуы керек. Көмек көрсету бағдарламасының қабылдануы балалардың салауаттығы және өзін қауіпсіз, жайлы сезінуі үшін жасалуда", - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.
Бағдарлама шеңберінде зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету кабинеттері қызметінің бірыңғай моделі әзірленеді. Сот-медицина сараптамасын жүргізу, полиция қызметкерлерінің сұрақ-жауап алуы осы кабинеттерде жүргізілетін болады.
Кабинеттер қызметінің бірыңғай моделін Оқу-ағарту министрлігі әзірлеп, жергілікті атқарушы органдарға осы сынды кабинеттерді ашу стандарты ретінде ұсынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117574-elde-zorlyq-zombylyqtan-zardap-shekken-balalarga-komek-korsetu-ushin-arnaiy-kabinetter-ashylady/