Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде демалыс күндері 42 градусқа дейін аптап күтіледі

Опубликовано:

қолшатыр ұстаған тұрғын
Қолшатыр ұстаған тұрғын. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елімізде алдағы демалыс кұндері 15-17 маусымда қандай ауа райы болатынын болжады.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың барлық аумағында ауа-райы құбылмалы болады.

Атап айтқанда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел күтіледі.

Маманжар еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында бұршақ жауады деп болжады.

15, 17 маусымда солтүстікте, 15 маусымда орталықта, 15-16 маусымда шығыста қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Еліміздің батысында ауа температурасы өте қатты ыстық +33...+42°С, оңтүстігінде де қатты ыстық +35+42°С күтіледі.

Сонымен қатар оңтүстік-шығысында ауа температурасы қатты ыстық +28+38°С, солтүстігінде +26+34°С, орталығында +25+33° С дейін, шығыста +21 + 31°С дейін жоғарылайды деп болжанған.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117622-elimizde-demalys-kunderi-42-gradusqa-deiin-aptap-kutiledi/