Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбан айт: дәрігерлер сақтық шараларын ұмытпауды ескертті

Жарияланған күні:

жаңа мешіт
Астанадағы мешіт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Құрбан айт мейрамы кезінде аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жедел ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері тұрғындарға сақтық шаралар тізімін ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында мал сату, сою бекеттерінде және мұсылман қауымының басы қосылып үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында "құдайы тамақ" беру ұйымдастырылады. Осындай іс-шаралар өткізу барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жедел ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері мынадай талаптарды сақтауын ұсынады:

Мал сату, сою бекеттерінде:

  • құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен союды арнайы орындарда және әрбір жануарлардың тиісті ветеринарлық құжаттары (ветеринарлық паспорт, құлақ сырғалары) болған жағдайда ғана іске асыру;
  • мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақтау (ауыз су, лас су жүйелерінің болуы), мал сою барысында шыққан қалдықтардың уақтылы залалсыздандырылып, шығару;
  • қызметкерлердің медициналық тексеруден өту және медициналық кітапшаларының болуы, жеке бас гигиенасын сақтау қажет.

Үй жағдайында:

  • қонақтардың қол жууына жағдайдың болуы;
  • тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастыру;
  • шикізат пен тамақ өнімдерін қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алу;
  • үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
  • ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану қажет, сақтау талабы бұзылса, келесі күні пайдаланбау;
  • терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау.

Қоғамдық тамақтану нысандары мен мешіттерде:

  • ауыз су, ыстық су, лас су жүйелерімен, түрлі деңгейдегі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін келушілер мен персоналға арналған раковиналар, қол жуу, өңдеу, сүрту немесе кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақталу қажет;
  • желдету және (немесе) ауа баптау жүйелерінің көзделуі;
  • қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік (тағамдық) шикізатының, тамақ өнімдерінің және қосымша материалдардың әрбір партиясының қабылдау, сақтау, тасымалдауының қадағалануы және қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алу керек;
  • үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін қоғамдық тамақтану орнында, мешіттерде пайдаланбау;
  • тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттамасына өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетілуін, олардың тоңазытқышта сақтау қажет;
  • азық-түлік (тамақ) шикізаты мен дайын тамақ өнімдерін (ет, құс еті, балық, көкөнiстер, аскөк, ет, сүт өнімдерін, нан және нан-тоқаш бұйымдары, кондитерлік бұйымдар) бөлшектеу үшін өңделетін тамақ өнімдеріне сәйкес, әріпті және (немесе) түрлі-түсті таңбалауды пайдаланып таңбаланған жеке бөлшектеу мүкәммалдары (бөлшектеу тақтайшалары, пышақтар) мақсаты бойынша пайдалану керек;
  • жабдықты пайдалану, жуу және дезинфекциялау оларды пайдалану, жуу және дезинфекциялау жөніндегі өндіруші нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылу керек;
  • тамақ қалдықтарын жинауға арналған жарамды жағдайдағы бөлек контейнерлер (жабылатын сыйымдылықтар), оларды тазалауды, жууды және жануарлардың кіруінен қорғауды қамтамасыз ететін, қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинауға арналған шаруашылық алаңының көзделу қажет;
  • персоналдың арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі мен жеке бас гигиенасын сақтау жағдайы болу керек;
  • медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгісі және жұмысқа рұқсаты бар әр жұмыскердің жеке медициналық кітапшасының жұмыс орнында сақталу керек;
  • терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы бар, инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдар жұмысқа жіберілмейді.

Оңтүстік мегаполистің санитариялық дәрігерлері жоғарыда аталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау халық арасында тамақтан улану, аса қауіпті және жіті ішек инфекцияларының пайда болуына ықпал етуі мүмкін екендігіне назар аударады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117754-qurban-ait-darigerler-saqtyq-sharalaryn-umytpaudy-eskertti/