Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттар": қанша адам ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Жарияланған күні:

ҰБТ
Тест тапсырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ бойынша аралық қорытындыны жариялады. 266 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылған. Оның ішінде талапкерлердің 74 пайызы қазақ тілінде, 26 пайзы орыс тілінде, 115 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 76 пайыз талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 балды құрады. Ең жоғары балл – 138.

266 адам 130 балдан жоғары көрсеткіш көрсетті.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға төрт аптаның ішінде 510 талапкер қатысты.

Бүгінгі таңда 315 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 219 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117769-smartfon-shpargalka-zhane-basqa-da-tyiym-salyngan-zattar-qansha-adam-ubt-tapsyru-mumkindiginen-aiyryldy/