Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда төрт жасар бүлдіршін 10-қабаттың терезесінен құлап кетті

Жарияланған күні:

Терезе қасында отырған бала
Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін, 14 маусым күні Атырауда төрт жасар бүлдіршін 10-қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Басылым мәліметіне сүйенсек, оқиға таңғы сағат 9.00 шамасында болған. Көпқабатты үйлердің бірінде төрт жасар ұл бала терезеден құлап кеткен.

Атырау қалалық полиция басқармасының өкілдері бүлдіршіннің сол жерде көз жұмғанын хабарлады.

Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі ("Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117814-atyrauda-tort-zhasar-buldirshin-10-qabattyng-terezesinen-qulap-ketti/