Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы кикшеринг операторларына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Полицейлер самокат жүргізушілерімен профилактикалық әңгіме жүргізді
Полицейлер самокат жүргізушілерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Видеодан кадр: Polisia.kz

Алматыда полиция қызметкерлері кикшеринг компаниясының өкілдерімен бірге қала көшелерін аралап, жол ережесін бұзған самокат пайдаланушыларына шара қолданды. Бұл туралы ІІМ ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы қалалық полиция департаменті самокат жүргізушілері арасында қылмыстың алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізді. Шараның мақсаты – электросамокаттарды жауапкершілікпен жүргізу мәдениетін арттыру.

Полицейлер кикшеринг компаниясының қызметкерлерімен бірге Алматының негізгі көшелерін аралап, жол ережесін бұзған самокат жүргізушілерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Сондай-ақ оларға қауіпсіз және этикалық көлік жүргізудің негізгі ережелері жазылған жадынамалар таратылды.

Шара соңында ұйымдастырушылар тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды жалғастыру мақсатында қандай заң бұзушылықтардың жиі орын алғанын сараптады.

Самокат 2023 жылдың қыркүйегінде "Жол қозғалысы туралы" заңға өзгертулер енгізгеннен бастап ресми түрде Алматының көлік жүйесіне енді. ІІМ-нің мәліметінше 2023 жылдың қыркүйегінен бастап самокаттардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны бірнеше есеге азайған. Сондай-ақ Алматыда самокатпен серуендеушілердің саны артып келеді.

"Алматы қаласы полиция департаменті электросамокат жүргізушілері мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдайды. Алматылықтар көлік мәселесін шешу үшін самокаттарды жиі пайдалана бастағанын байқадық. Осындай жағдайда бәріміз құқық бұзушылықтың алдын алып, жазатайым оқиғаларды азайтуға күш салуымыз керек. Кикшеринг операторларының бірі жауап бергеніне қуаныштымыз және біз барлық кикшеринг операторларын осы бастамаға қосылуға шақырамыз", – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117958-almaty-politsiiasy-kikshering-operatorlaryna-undeu-zhasady/