Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы марафон: жексенбі күні елорданың қай көшелері жабылады

Жарияланған күні:

Марафон қатысушылары
Марафон қатысушылары. Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ертең, 16 маусым күні Астанада 20-дан астам елден 6 мың адам қатысатын марафон өтеді. Шараға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы ішінара жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Astana Half Marathon осымен үшінші рет өткізілмек. Биыл әлемнің 20-дан астам елінен 6 000 қатысушы сөреге шығатын болады. Astana Half Marathon ұйымдастырушылары елорда тұрғындары мен қонақтарын 16 маусым күні жолдарда көлік қозғалысы ішінара жабылатынын хабарлады.

Қозғалыс кезең-кезеңімен ашылатынын және таңғы 10-ға дейін толық қалпына келеді.

Жарыс бағыты EXPO-дан басталып, қаланың көрікті жерлері арқылы Астананың жүрегі – "Бәйтерек" монументі, "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығы, "Тәуелсіздік" сарайы, Ботаникалық бақ, "Бейбітшілік және келісім" сарайы, Әбу-Даби Плаза және Ұлттық музей арқылы өтеді.

  • Түркістан көшесі 28/4 көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі қозғалыс 16 маусым күні сағат 06:30-дан 07:30-ға дейін;
  • Сығанақ көшесі Түркістан көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі қозғалыс 07:10-нан 08:35-ке дейін;
  • Ж.Нәжімеденов көшесі Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі қозғалыс 07:10-нан 08:35-ке дейін жабық болады.
  • Тәуелсіздік даңғылы бойынша Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі қозғалыс 07:20-дан 08:00-ге дейін,
  • Түркістан көшесі Сығанақ көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі жолда қозғалыс 06:35-тен 08:45-ке дейін,
  • Қонаев көшесі Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін,
  • Қонаев көшесі "Хан Шатыр" СО аумағының айналасы 07:35-тен 09:05-ке дейін,
  • Достық көшесі Тұран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі қозғалыс 07:45-тен 09:15-ке дейін жабылады.

"EXPO" ХКО айналасында Достық көшесінен Түркістан көшесіне дейін Ақмешіт көшесі бойынша қозғалыс 07:05-тен 10:00-ге дейін жабылатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117961-astanadagy-marafon-zheksenbi-kuni-elordanyng-qai-kosheleri-zhabylady/