Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана-Сеул бағытында ұшақтар аптасына екі рет ұшатын болады

Жарияланған күні:

Әуедегі ұшақ
Әуедегі ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Азаматтық авиация комитетінің Telegram-дағы арнасында 15 маусымда Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу рәсімі өткені хабарланды.

"Биыл ақпан-наурыз айларында екі елдің авиациялық билігінің келіссөздерінің нәтижесінде Астана-Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді. Осы келіссөздер барысында екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді", - делінген хабарда.

Астана-Сеул бағыты бойынша ұшуларды "Эйр Астана" әуекомпаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) "Эйрбас-А321" үлгісіндегі әуе кемелерінде орындайтын болады.

"Әуе маршрутты іске қосу Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады", - деп хабарлады комитет өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118273-astana-seul-bagytynda-ushaqtar-aptasyna-eki-ret-ushatyn-bolady/