"Отбасы ісіне араласу": Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы петиция пайда болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы петиция пайда болды. Ол epetition.kz порталында 16 маусымда әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігі туралы заң күшіне енген күні пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Петиция авторы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға тосқауыл қоюды талап еткен.
Ол сондай-ақ парламентте қаралып жатқан "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына тосқауыл қоюды сұрайды.
Автордың айтуынша, бұл құқықтық актілер дәстүрлі оқу-тәрбие үрдісіне кері әсерін тигізеді, балаларды отбасынан тартып алудың қарапайым тетігін енгізеді және азаматтардың жеке ісіне араласу үшін шексіз билік берілген құрылымды жасайды.
"Мен Қазақстанда зорлық-зомбылықпен күресу деген желеумен отбасылық істерге озбырлық пен деструктивті араласуға жол беретін заңдардың орындалуына қарсымын!", - деп жазды автор.
Айта кетсек, осы жылдың сәуір айында Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтетін заңға қол қойды.
Заң 16 маусымда күшіне енді – бұған дейін біз қазақстандықтар үшін не өзгеретіні туралы жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118510-otbasy-isine-aralasu-qazaqstanda-turmystyq-zorlyq-zombylyq-turaly-zangga-qarsy-petitsiia-bastaldy/