Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана-Зеленстрой" ЖШС бұрынғы бас директоры ұсталды

Жарияланған күні:

Қолына кісен таққан ер адам
Қолына кісен таққан ер адам. Көрнекі фото: zoka74 / Getty Images

"Астана-Зеленстрой" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана-Зеленстрой" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін күдікті деп танылған.

"Бұдан басқа, тапсырыс берушілері Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін күдікті", - делінген хабарда.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118558-astana-zelenstroi-zhshs-ning-buryngy-bas-direktory-zhemqorlyq-qylmystar-zhasady-dep-kudiktelude/