Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық полицейлер бір мезетте бірқатар өңірде арнайы операция жүргізді (видео)

Жарияланған күні:

Полицейлер күдіктіні әкетіп барады
Күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр: polisia.kz

Полицейлер жедел іс-шаралардың нәтижесінде еліміздің төрт өңірінде синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан деп күдікке ілінген қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мамырда Өскемен қаласында жиһаз бизнесінің атын жамылып, синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған жергілікті тұрғын ұсталды", - делінген ведомствоның ақпараттық медиа-порталындағы хабарламада.

ІІМ өкілдерінің мәліметінше, осы масатта ол қойманы жалға алып, жабдықтар мен химиялық заттар әкелген. Күдіктіні ұстау кезінде 1,5 кг жуық дайын есірткі, бір жарым тонна прекурсор, сондай-ақ зертханалық және буып-түюге арналған жабдықтар тәркіленген.

Тексеруден кейін оның Қостанай, Петропавл қалалары және Алматы облысындағы ұқсас зертханалармен байланысы бар екені анықталған.

Полиция қызметкерлері күдіктінің қозғалыс бағыты мен күн тәртібін бақылауда ұстаған. Нәтижесінде полицейлер бір мезетте бірқатар өңірде операция жүргізді.

"Рудный қаласында жалдамалы үйдің моншасын зертхана етіп жабдықтаған екі адам ұсталды. 300 грамнан асатын дайын есірткі, химиялық заттар, қорғаныш костюмдер және жабдықтар тәркіленді. Олардың көліктерінен сатуға дайын есірткі табылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алматы облысында мефедрон өндірісімен айналысқан тағы екі күдікті ұсталған. Олардан өндірістің соңғы сатысындағы есірткі, прекурсорлар және жабдықтар тәркіленді.

Полицейлердің мәлімдеуінше, тергеу кезінде ұсталғандар есірткі жасырылған он жерді көрсеткен, жалпы салмағы шамамен 3 кг асатын есірткі анықталған.

"Жалпы қала көшелеріне синтетикалық есірткінің 11 мыңға жуық дозасының таралуына тосқауыл қойылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6 кг астам синтетика заңсыз айналымға жіберілмеді, 4 тоннаға жуық прекурсор тәркіленді.

ІІМ қоғам қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтын азаматтарға алғыс білдіреді және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастырады. Бірлесіп қана біз қалаларды қауіпсіз етіп, балаларды есірткі қаупінен қорғай аламыз", - дейді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118588-qazaqstandyq-politseiler-bir-mezette-birqatar-ongirde-arnaiy-operatsiia-zhurgizdi-video/