Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда биыл мектеп бітірген әр 25-ші түлек "Алтын белгі" иегері атанды

Жарияланған күні:

алтын белгі
Алтын белгі. Көрнекі фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

2024 жылы мектеп бітірген 186 мың түлектің 7420-сы "Алтын белгі" алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында "Алтын белгі" иегері атанған түлектердің саны туралы ақпарат жарияланды.

"2024 жылы 11 сыныпты 186 мың түлек аяқтады. Оның ішінде 7420 адам "Алтын белгі" белгісімен марапатталды, ал 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды", - делінген министрлік хабарламасында.

"Алтын белгі" белгісі туралы ережеге сәйкес, "Алтын белгі" белгісімен негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларына немесе "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының оқу бағдарламаларына сәйкес 5 (6) – сыныптан бастап 11 (12) сыныпқа дейінгі оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5" баға алған, 10 (11) – сыныптан бастап 11 (12) - сыныпқа дейінгі оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары "5" баға алған білім алушылар марапатталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118612-qazaqstanda-biyl-mektep-bitirgen-ar-25-tulek-altyn-belgi-iegeri-atandy/