Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сөзі сүйектен өтті": жәбірленуші сотта Гүлмира Сатыбалды қорқытқанын айтты

Жарияланған күні:

Қасым Жүнісов
Қасым Жүнісов. Сот залынан фото: NUR.KZ/Айгерим Хамзина

Алматыда өтіп жатқан Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотта үшінші жәбірленуші Қасым Жүнісов сөз сөйледі. Ол айыпталушының қоқан-лоқы көрсетіп, үйіне, көлігіне және техникасына қалай қол қоюға мәжбүрлегенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жәбірленуші Абай Жүнісов тұтқында болған кезде, оның ағасы Қасым Гүлмира Сатыбалдымен жеке сөйлесу үшін кеңсеге келген. Жәбірленушінің айтуынша, ол "Егер ағаңды босатып алғың келсе, бүкіл дүние-мүлкіңді сатып, туыстарыңа хабарла" деген.

"16 ақпанда Гүлмира кепілге қоюымыз керек дегеннен кейін Жұмаділданың компаниясының заңгері рэкетир сияқты телефон соғып,үйіміздің құжаттарын беруімді талап етті. Мен тұратын мекенжайды атап, барлық құжатты ағамның үйіне алып келуімді талап етті. Ол мұның бәрі Гүлмира Сатыбалданың бұйрығымен екенін айтты.

17-сі күні түскі ас кезінде Валентин Каземир келді. Ол үйді бағалау керек екенін айтты. Ол бірінші, екінші қабатын және жертөлесін, ағаштар мен гүлдерге дейін қарап шықты. Ол фотоаппаратпен суретке түсіріп алды. Бір кезде ол кетіп қалды, мен одан не болып жатқанын сұрауға да үлгермедім. Сағат екіде тағы бір әйел келді. Ол да фотоға түсіріп, баға бере бастады. Үйімнің барлық бөлмесін суретке түсіргенін көріп, оның бағалаушы екенін түсіндім, - дейді Қасым Жүнісов.

Оның сөзінше, 2019 жылғы 18 ақпанда Гүлмира Сатыбалды Қасымға өзі телефон соққан, кейін Land Cruiser 200 көлігін сатып, қолына 22 млн теңге алғанын және қолхат жазған.

Сонымен қатар 68 млн 166 мың теңгеге бағаланған үй де солай аударылған.

Қасым Жүнісовтің айтуынша, барлық дүние-мүлкін аударғаннан кейін, олар Гүлмира Сатыбалдыға телефон соғып, Абай Жүнісовке баруға рұқсат алған. Қасым Абайды көруге анасы мен інісі Алтайды ертіп барған.

"Абай қараңғыда жатын бөлмесінде жатты. Ұзақ сөйлесуге мүмкіндік болмады. Анам жылап жіберді. Өледі деп қорықты, өйткені тамақ та болмады (...), - дейді ол.

Сондай-ақ сотта жәбірленушіден Гүлмира Сатыбалды қоқан-лоқы көрсеткені қаншалықты шынайы деп сұралды.

"Оның сөздері шынайы, шындыққа жақын болып көрінді. Сөзі сүйектен өтті. Тіл тигізіп сөйлегені бізге біртүрлі еді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118822-sozi-suiekten-otti-zhabirlenushi-sotta-gulmira-satybaldy-qorqytqanyn-aitty/