Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде тараған видеода әйелге күш көрсеткен адам Арман Шораев па: полиция жауап берді

Жарияланған күні:

Арман Шораев
Арман Шораев. Фото: Facebook/Арман Шураев

Әлеуметтік желіде әйел адамға күш қолданған ер адам түсірілген видео жарияланды. Астана қалалық ПД өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне видеоға қатысты пікір білдірді.

Полиция өкілдері берген ақпаратқа сай, видеодағы азаматқа қатысты бірге тұратын әйеліне дене жарақатын салды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Бірге тұратын әйеліне дене жарақатын салу фактісі бойынша азамат А. Ш.-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр", - делінген хабарда.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде белгісіз біреу көлікке жармасқан әйелге күш қолданғаны түсірілген видео жарияланған. Ондағы ер адамды журналист Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында қоғам белсендісі Арман Шораев деп атаған.

Кейінірек Арман Шораевтың өзі Facebook-тегі парақшасында жасанды интеллект құрбаны болғанын және Козачков бұл ақпаратына "жауап беретінін" мәлімдеген.

Еске салайық, 16 маусымда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер күшіне енді, онда ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру қылмыстық жауапкершілікке жатқызылды.

Қылмыс құрамы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен ҚР Қылмыстық кодексіне көшірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118861-atyshuly-videoda-aielge-kush-korsetken-adam-arman-shoraev-pa-politsiia-zhauaby/