Қазақстан неліктен Швейцарияда өткен саммитке қатыспады: СІМ өкілі жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомСыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгін өткен брифингте Қазақстан тарабы Украинаға қатысты жаһандық бейбітшілік саммитіне неліктен қатыспағанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Журналистер Украинадағы жағдай талқыланған Швейцариядағы жаһандық бейбітшілік саммитіне Қазақстанның сыртқы істер министрі де, вице-министрлер де неліктен қатыспағанын түсіндіруді сұрады.
"Біз өз мүддемізге сай әрекет еттік және халықаралық іс-шаралар кестесіне сүйендік", - деп жауап берді Айбек Смадияров.
Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері, 15-16 маусымда Швейцарияда Украинадағы жағдайға арналған Бейбітшілік саммиті өткен болатын.
Саммит қорытындысы бойынша декларацияға қатысқан 92 елдің ішінде 80-нен аса елдің өкілі қол қойғаны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118900-qazaqstan-nelikten-shveitsariiada-otken-sammitke-qatyspady-sim-okili-zhauap-berdi/