Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Байланыстамыз": СІМ өкілі Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы мәлімет берді

Жарияланған күні:

Ақжарқын Тұрлыбай
Ақжарқын Тұрлыбай. Фото: facebook.com/KazakhstanMFA

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында Қытайда сотталған қазақстандық азаматша Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы мәлімет берді. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігі хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында Қытайда сотталған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы мәлімет берді.

"Кейінгі 6-7 жылда әлеуметтік желіде неше түрлі ақпарат шықты. Біреуін де растаған жоқпыз. Сондықтан оған қатысты ақпаратты растай алмаймын. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Бас прокуратураға хабарлассаңыз болады. Экстрадицияға осы мемлекеттік орган жауап береді", - деді ол.

БАҚ өкілдері Сыртқы істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбаймен соңғы рет қашан байланысқанын сұрады.

Айбек Смадияров онымен байланыста, жағдайы жақсы екенін айтты.

Ал "Ол туысқандарымен қанша рет кездеседі", - деген сұраққа: "Оны бізге айтқан жоқ", - деп жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118957-bailanystamyz-sim-okili-aqzharqyn-turlybaidyng-zhagdaiy-turaly-malimet-berdi/