Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда борышкерлердің пәтерінде ыстық су өшіріле бастады

Жарияланған күні:

Су құбыры
Су құбыры. Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда коммуналдық қызмет үшін жүйелі түрде ақы төлемейтін тұрғындардың пәтеріне ыстық су беру тоқтай бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "АлЖЖ" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жылыту маусымының аяқталуына байланысты "АлЖЖ" ЖШС жылу бойынша қарызы жиналып қалған тұрғындарға ыстық суды өшіре бастады", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпараты бойынша, қазіргі таңда пайдаланылған ыстық су мен жылыту үшін жалпы берешек шамамен 2,1 млрд теңгеге жеткен.

Ал былтыр қарашада Қазақстандағы коммуналдық қызмет тұтынушыларының жалпы қарызы 61 миллиард теңгеден асқаны хабарланған еді.

Сондай-ақ қазіргі таңда Алматыда "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін коммуналдық қызметкерлер маусымның 10-ынан бастап кейбір пәтерлерде ыстық суды өшіре бастады. Жөндеу жұмыстары 28 маусымға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118966-almatyda-boryshkerlerding-paterinde-ystyq-su-oshirile-bastady/