Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда бірнеше күн бұрын суға кеткен 10 жастағы баланың денесі іздестіріліп жатыр

Жарияланған күні:

Құтқарушылар
Құтқарушылар. Видеодан кадр: СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар бірнеше күн бұрын суға кеткен 10 жастағы баланың денеcін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Ведомство мәліметінше, бала шомылу кезінде суға батып кеткен.

"Ересектердің бақылауынсыз тыйым салынған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен 2014 жылы туған жасөспірімнің денесі іздеуде.

Іздеу жұмыстарына СҚО ТЖД жеке құрамының 52 мүшесі, 5 техника, бір су асты дроны және 2 ҰҰА, еріктілер мен полиция жұмылдырылды", -деді өңірлік ПД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119056-petropavlda-birneshe-kun-buryn-suga-ketken-10-zhastagy-balanyng-denesi-izdestirilip-zhatyr/