Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңадан сегіз кәсіби мереке бекітілді

Жарияланған күні:

Үстел үстіндегі күнтізбе
Үстел үстінде тұрған күнтізбе және әдемі гүлдер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы кәсіби мерекелердің жаңартылған тізбесін бекітті. Бұл туралы Нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі эталондық бақылау банкіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Кәсіби мерекелер тізбесіне мынандай өзгеріс енгізілді:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;
  • Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
  • Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
  • Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
  • Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күн – 1 қазан;
  • Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119227-qazaqstanda-zhangadan-segiz-kasibi-mereke-bekitildi/