Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 5G ұялы байланысын енгізу қашан аяқталады

Жарияланған күні:

Ұялы телефон
Ұялы телефонның беті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Үкімет отырысында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елімізде 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, Қазақстанда интернетті қолдананатын халықтың үлесі дамыған елдер деңгейінде.

Республикада трафиктің өсуі 2020 жылға қарағанда 61,5 пайызға, ал абоненттер саны 12,9 пайызға өсті. Speedtest Ookla-ның 2024 жылғы сәуірдегі деректеріне сәйкес, еліміз интернеттің орташы жылдамдығы бойынша – 43,6 Мбит/с, әлем бойынша 66-орында. Бұл Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан жоғары көрсеткіш.

Министрдің мәлімдеуінше, Кселл және Теле2 операторлары Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында 5G байланыспен қамтуды кеңейту жұмыстарын жалғастырады. Бүгінгі таңда 20 қалада 1 144 базалық станса орнатылған.

Сондай-ақ ол мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс екенін атап өтті.

2027 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторлары телекоммуникация саласына 450 млрд теңгеден астам инвестиция салады.

Жаңа жүйелік шаралар:

  • елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында байланыс желілерінің инфрақұрылымы қарастырылады;
  • базалық стансалардың радио сигналының шекті рұқсат етілген деңгейі бойынша нормативтерді қайта қарау ұсынылады. Дамыған елдер мен тіпті жақын шетелдермен салыстырғанда Қазақстанда 10-20 есе қатаң нормативтер бар;
  • министрлік әкімдіктермен және операторлармен бірлесіп қалалардағы нашар байланысы бар "ақ дақтарды" жоюды жалғастырады;
  • мемлекеттік мекемелерде базалық стансаларды орнатуға рұқсат беру үшін өзгерістер енгізіледі (мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша арнайы орын жоқ);
  • Voice over Wi-Fi (VoWiFi) технологиясын, яғни дәстүрлі ұялы желілердің орнына Wi-Fi желілері арқылы дауыстық қоңырауларды іске қосу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл ұялы байланыс нашар жерлерде (паркингтер) байланыс сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді;
  • еліміз бойынша байланыс сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды мониторингілеу үшін "Телекоммуникациялардың цифрлық картасы" іске қосылады. Әрбір адам елді мекендердегі байланыс сапасының проблемаларын және оларды жою жоспарларын көре алады, сондай-ақ кез келген орын бойынша өз бағасын бере алады. Сілтеме министрліктің сайтында орналастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119287-qazaqstanda-5g-uialy-bailanysyn-engizu-qashan-aiaqtalady/