Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тек жұмыстан шығарумен шектелмейді": Павлодар облысының әкімі жол бойынша аутсайдерді атады

Жарияланған күні:

Асайын Байханов
Асайын Байханов. Фото: Т.me/KZgovernment

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Баянауыл ауданына барды. Өңір басшысы бұл ауданды "жол бойынша облыстың аутсайдері" деп атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Павлодар облысы әкімі Telegram-дағы ресми арнасында "Ауыл – ел бесігі" жобаларын іске асыруға бөлінген қаражаттың қалай пайдаланылып жатқанын және іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды тексергенін жазды.

"Барлық жұмыс басталды, әлеуметтік нысандар бойынша артта қалу жоқ", - деп мәлімдеді әкім.

Оның сөзінше, қазір жол жұмыстарының қызған шағы.

"Бұл тұрғыда Баянауыл ауданы ең аз қамтылғандардың бірі. Жол бойынша облыстың аутсайдері десек те болады. Кейбір учаскелерде ауылдардың кірме жолдары трассадан 80 км жерде орналасқан", - дейді облыс басшысы.

Биыл алғаш рет ауданда жолдар салуға қомақты қаражат бөлінген.

"Сапасыз жұмыстарды қабылдамауды және төлем жасамауды тапсырдым. Егер мұндай жағдай орын алса, бұл тек жұмыстан шығарумен шектелмейді", - дейді Асайын Байханов.

Туристік маусымға дайындық бойынша ауданда көп жұмыс атқарылған. Биыл 200 мыңға жуық турист келеді деп күтіліп отыр.

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы "Визит-орталықтың" құрылысы, Баянауыл ауылындағы ҰОС батырларының стеласы бойындағы жаяу жүргіншілер-серуендеу аймағын реконструкциялау, бақылау алаңы және Сабындыкөл жағажайын абаттандыру жобаларымен танысты.

Мемлекеттік органдарға туристік аймақтарда инженерлік коммуникациялардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119323-tek-zhumystan-shygarumen-shektelmeidi-pavlodar-oblysynyng-akimi-zhol-boiynsha-autsaiderdi-atady/