Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жағажайда демалушылар әкімшілік жауапқа тартылды (видео)

Жарияланған күні:

Жағажай
Жағажай. Видеодан кадр: instagram.com/pavlodar_tjd

Павлодар облысындағы жағажайларда рейд жүргізілді. Суда қауіпсіздік ережелерін сақтамаған демалушыларға айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы ТЖД-ның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Төтенше жағдайлар департаменті, полиция қызметкерлері, білім басқармасының өкілдері және еріктілер суда рейдтік іс-шаралар өткізген.

"Демалушылармен профилактикалық әңгімелер өткізілді, жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелері түсіндірілді, жадынамалар табысталды", - делінген хабарламада.

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша заң бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды: ӘҚБтК412-бабы (Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы – 38 766 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119326-pavlodar-oblysynda-zhagazhaida-demalushylar-akimshilik-zhauapqa-tartyldy-video/