"Талқылайтын нәрсе бар": министр Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты Қазақстанға шақырған
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Жаслан Мәдиев "ВКонтакте" әлемуеттік желісі мен Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты Қазақстанға шақырғанын және оның елімізге келуіне күш салатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Мен оның (Қырғызстанға – ред. ескертпесі) келгенін және Ыстықкөлде болғанын білемін, оның командасын тікелей білемін. Павел Дуровты әлі танымаймын, бірақ менің шақыруымды, әріптестерімнің шақыруын оған жеткізді деп сендірді.
Болашақта ол Қазақстанға келеді деп ойлаймын, солай деп үміттенемін. Бұған жету үшін жеке өзім күш саламын. Талқылайтын нәрсе бар – бірлескен зертханаларды іске қосу және т.б., өйткені, білесіздер, Telegram – жоғары технологиялық компания.
Олар жақында блокчейн технологиялары мен криптоиндустрия компанияларымен ықпалдасу бойынша бірқатар бастаманы жариялады және блокчейн саласындағы қосымшаларға арналған платформаны іске қосуда", - деді министр Жаслан Мәдиев.
Ол Дуровпен жоғары технологиялық жобаларды талқылағысы келетінін айта кетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119338-talqylaityn-narse-bar-ministr-telegram-negizin-qalaushy-pavel-durovty-qazaqstanga-shaqyrgan/