Орал әкімі денсаулығына байланысты еңбек демалысына шықты
Жарияланған күні:
Читать на русскомОрал қаласының әкімі Миржан Сатқанов еңбек демалысына шықты. Ол екі аптаға жуық жұмыста болмаған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Мой город" басымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Орал әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қала әкімі Миржан Сатқанов екі аптаға жуық еңбек демалысында екенін хабарлады. Қазір оның міндетін уақытша әкімнің орынбасары Азамат Халелов атқарып отыр.
"Төтенше жағдай кезінде ол денсаулығына байланысты еңбек демалысына шыға алмаған еді, ол қашан сауығатыны және қандай дертке шалдыққаны белгісіз", - деп жазды басылым ведомство өкілдерінің сөзіне сүйеніп.
Еске салайық, Миржан Сатқанов Орал қаласының әкімі болып 2022 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданын басқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119407-oral-akimi-densaulygyna-bailanysty-engbek-demalysyna-shyqty/