Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдайдың бұйрығы": министр қаза тапқандар "тасқын құрбаны" емес екенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Құлсарыдағы су тасқыны
Құлсарыдағы су тасқыны. Фото: azh.kz

Министрлер кабинетінде өткен брифингте ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов Қазақстанның су тасқыны кезінде адам шығынын болдырмау үшін барлық шара атқарылғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Көп жұмыс атқарылды. Жалпы 120 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Тұрғындар зардап шекпесін деп алдын алдық. Атқарылған жұмыстар су тасқынынан келген шығынды азайтуға мүмкіндік берді. Тасқын кезінде көптеген үйге, ғимаратқа су кірмеді", - дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Шыңғыс Әрінов.

Брифингте журналистер су тасқыны кезінде бірнеше адам қаза тапқанын тілге тиек етті. Мәселен Құлсарыдағы әке мен баланың қазасы, Ақмола облысында трактор жүргізушісімен су астында қалды, деді БАҚ өкілдері.

"Тікелей су тасқынынан зардап шеккендер болмағанын айтқым келеді. (...) Бұл күн сайын болып тұратын жағдайлар...

Біз шетелдік тәжірибе бойынша айтар болсақ: егер адам үйде ұйықтап жатқанда, су басып қалса оны ешкім құтқара да, көмектесе де алмйды. Осы туралы айтып отырмыз. Ал адамдарды эвакуациялап жатқанын алдын ала айтқанда, тиісті шаралар қабылданады. Бірақ содан кейін де тұрғындар өз бетінше әрекет етуге тырысып, қаза тауып жатады", - деп жауап берді министр.

Жоғарыда аталған қаза болған қазақстандықтардың өздері кінәлі деп санайсыз ба деген сұраққа Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы: "Құдайдың бұйрығы" ("по воле Всевышнего" – спикер орыс тілінде сөйледі – авт. ескертпесі) деп жауап берді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы бұған дейін Қазақстандағы су тасқыны кезіндегі құтқарушылардың орташа жалақысы қанша екенін айтқан болатын. Шарттар мен жұмыс кестесіне байланысты төлемдер әртүрлі болатыны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119530-qudaidyng-buirygy-ministr-qaza-tapqandar-tasqyn-qurbany-emes-ekenin-aitty/