Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әкімдігі қаладағы орталық даңғыл бір тәулікке жабылатынын ескертті

Жарияланған күні:

Астана
Астана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астна әкімдігі Қабанбай батыр даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетінін, соған байланысты жол учаскесі жабылатынын мәлім етті. Бұл турлы KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды.

"Осыған байланысты ағымдағы жылдың 18 маусым сағат 21:00-ден 19 маусым сағат 21: 00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады (оның ішінде Керей Жәнібек хандар көшесі-Қабанбай батыр даңғылы қиылысы)", - делінген хабарда.

Әкімдік өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - дейді ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119596-astana-akimdigi-qaladagy-ortalyq-danggyl-bir-taulikke-zhabylatynyn-eskertti/