Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейден келетін шегірткелер қай өңірлерге қауіпті: министрлік жауабы

Жарияланған күні:

Шегіртке
Шегіртке. Көрнекі фото: pexels.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері Ресейден ұшып келетін шегірткелер еліміздің қай өңірлеріне қауіпті екенін атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарынан шегірткелердің ұшу қаупі жоғары аймаққа: Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы, сондай-ақ үйірлі миграция жолдары өтетін Қостанай облысының Жітіқара және Денисов аудандары жатады.

Ақтөбе облысы шегірткеге қарсы күрес басқармасының өңірлік орталығының штаб-пәтерін Әйтеке би ауданына көшіру туралы шешім қабылданған.

Қостанай облысының Жангелді және Қамысты аудандарында көшпелі шегіртке үйірін жедел өңдеу үшін 21 техника жұмыс істейді. Шегірткелердің саны көбейген жағдайда қосымша техника жеткізуге дайындық бар. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Ресей салалық ведомствосымен бірлескен қарсы іс-қимыл шаралары пысықталып жатқанын мәлімдеді.

"Сонымен қатар Қытай мен Өзбекстан шекарасында зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда шегіртке үйіріне қарсы қорғаныс шаралары 1,3 млн гектарға немесе болжанған алаңның 51,7 пайызына жүргізілді. Италиялық прусқа қарсы химиялық өңдеу 920,6 мың гектарға немесе болжам аумақтың 44,5 пайызына жасалды. Оның ішінде Қостанай облысында 184 мың гектар немесе қажетті алқаптың 84 пайызы, Ақтөбе облысында – 431,5 мың гектар немесе 93 пайызы өңделді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119662-reseiden-keletin-shegirtkeler-qai-ongirlerge-qauipti-ministrlik-zhauaby/