Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаңтар оқиғасы" қатысушыларымен байланысы бар": Қазақстанның оңтүстігінде 20 адам ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Күдіктілерді ұстау сәті
Күдіктілерді ұстау. Видеодан кадр: polisia.kz

Алматыда, Шымкентте және Түркістан облысында қылмыстық топқа қатысы бар деген 20 күдікті ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою бойынша арнайы жұмысты жалғастырып жатыр.

17 маусымда Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген.

Топ мүшелерінің "қаңтар оқиғасының" белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды. Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді.

Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Алайда бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайтыны айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119671-almatyda-shymkentte-zhane-turkistan-oblysynda-qylmystyq-toptyng-musheleri-ustaldy/